Қаңтар айында тұрғын үй нарығында баға өсті - Статистика агенттігі

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы қаңтарда тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қаңтар айында тұрғын үй нарығында баға өсті - Статистика агенттігі

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, 2011 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1,7 пайызға көтерілген. Бұдан бөлек, көркейтілген және одан төменгі санаттағы тұрғын үйлерді алып сату - 0,5 пайызға жоғарыласа, көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру - 0,4 пайызға өскен.

Атап айтқанда, 2011 жылдың қаңтарында жаңа тұрғын үйлерді сатудағы 1 шаршы метрінің бағасы 146 мың 393 теңгені құраса, көркейтілген үйлердің сату бағасы шаршы метріне 106 мың 481 теңге шамасында болды.