Қаңтар айындағы жағдай: 8,5 млн. қазақстандықтың жұмысы бар

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 57,0 мың адамға немесе 0,7%-ға көп. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 68,8%) құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен мәлім етті.
2013 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 488,1 мың адамды, (жұмыссыздық деңгейі 5,4%) құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы қаңтар айының соңына дейін 47,9 мың адам («Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысатындарды есепке алмағанда) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын құрады (2012 жылдың қаңтарында - 0,5%).
Сондай-ақ жылдың алғашқы айында жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын құрады.