Қаңтар-қарашада 73,7 млн. тонна мұнай өндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 73,7 млн. тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті.

Қаңтар-қарашада 73,7 млн. тонна мұнай өндірілді

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылғы ел экономикасы өсімін қамтамсыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданған. Осыған орай мұнай өндіру көлемін арттыру үшін қосымша газ жағуға, мұнай өндіретін компанияларға жоспардан тыс өндірілген мұнайды экспортқа шығаруға құқық берілген.

«Нәтижесінде қыркүйек-қарашада мұнай өндіру қосымша 244 мың тоннаға артты. Сонымен қатар жоспардан тыс 178 мың тонна мұнай өндіріліп, экспортқа қойылды. Толықтай алғанда, қаңтар-қарашада 73,7 млн. тонна мұнай өндірілді», -деді вице-министр.

М.Әбілқасымованың айтуынша, бұл көлем өткен жылы өндірілген мұнайдан 1,3 пайызға кем.