Қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 12,7 пайызға жоғарылап, 2 881,9 млрд.теңгеге жетті
Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылғы қазанда 2010 жылғы қазанмен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 12,7 пайызға жоғарылады. 2011 жылғы қаңтар-қазанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2010 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1 477,6 млрд.теңгені құрады немесе 6,3 пайызға артты.
2011 жылғы қаңтар-қазанда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,5 пайызға өсті. Аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 48,7 пайызды құрады.
«Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,7%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,3, азық-түлік тауарлар 15,7 пайызға ұлғайды», - делінген хабарламада.