Қаңтар-қазандағы бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға жоғарылады

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,8 пайызға жоғарылап, 3 390,7 млрд.теңгеге жетті.
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылғы қаңтар-қазанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 1 705,9 млрд.теңгені құрады немесе 2011 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 10,7 пайызға артық.

 2012 жылғы қаңтар-қазанда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 49,7 пайызды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға, азық-түлік тауарлар - 14,3 пайызға ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар