Қаңтар кезінде тұтқындарды азаптаған үш полицей 3 жылға сотталды

қаңтар
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бүгін, 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне үкім шықты. Олар Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша айыпталған.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілген 3 азаматты кінәлі полицейлер азаптағанын дәлелдеді.

Заңсыз әрекет салдарынан үш жәбірленуші жапа шеккен.

Сот үкімімен үш сотталушы арнаулы атағы мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Олар 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар