13:49, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Қаңтар- қыркүйекте тұрғын үйлерді сату-сатып алу бойынша 124 613 мәміле жасалды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 124 613 құрады.

Бұ туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Агенттік ақпаратына қарағанда, 2012 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 15 026 құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 1,3 пайызға аз көрсеткіш. Дегенмен, 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,3 пайызға өскен.
Сонымен қатар, мәліметтерге қарағанда, қыркүйек айында тұрғын үйді сатып алу-сату келісімдерінің ең көп көрсеткіші Қарағанды облысында (1812), Шығыс Қазақстан облысында (1809), Алматы қаласы (1735) мен Астана қаласында (1645) тіркелген.