Қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 2,7 пайызға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында сыртқы сауда айналымы 2,7 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«2014 жылдың қаңтар-мамырында сыртқы сауда айналымы 50934 млн. АҚШ долларын құрап, 2,7 пайызға төмендеді. Оның ішінде экспорт 3 пайызға өсіп, 35461 млн. АҚШ долларын құрады. Ал импорт керісінше 13 пайызға азайып, 15500 млн. АҚШ долларына жетті», - деді агенттік басшысы.
Сонымен қатар, Ә.Смайыловтың айтуынша, 2014 жылдың маусымындағы тұтыну бағасының индексі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 104,8 пайызды құраған. Азық-түлік тауарларының бағалары 5,5, азық-түлік емес тауарлар 4,7, халыққа көсретілетін ақылы қызметтер 4 пайызға өскен.