Қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 52144,5 млн. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 2235,7 млрд. теңгені құрап, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,3 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

2013 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 6070,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 12,5 пайызға артты.

Сонымен қатар аталған мерзімде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 105,7 млрд. теңгені құрады және 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 8 пайызға өсті.

«Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 112,5 пайызды құрды.

«2013 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 52144,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2012 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,5 пайызға аз болды. Оның ішінде экспорт - 34259,8 млн. АҚШ долларын (10,8% аз), импорт - 17884,7 млн. АҚШ долларын құрады (10,3% өсті)», - делінген агенттік мәліметінде.
Соңғы жаңалықтар