Қаңтар-маусым айларында Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 12 081,6 млн. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 12 081,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 9,6%-ға өсті. Соның ішінде экспорт 3 181,1 млн. АҚШ долларына (2,9%-ға өсті), ал импорт 8 900,5 млн. АҚШ долларына (12,3%-ға өсті) жетті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Қаңтар-маусым айларында Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 12 081,6 млн. АҚШ долларын құрады

Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (40,3% Кеден одағы елдерінің барлық экспорттының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (24,5%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,6%) құрады.

Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде минералды өнімдері (Кеден одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміне 27,4%), машиналар және жабдықтар (22,2%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (15,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,0%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (9,9%) тасымалданады.