Қаңтар-маусымда ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады

АСТАНА.  2 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-маусымда еліміздің жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.

Қаңтар-маусымда ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады

Атап айтқанда, агенттік мәліметтеріне қарағанда, ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 40,7 пайыз, қызметтер - 52,2 пайызды құрайды. Сонымен қатар, есепті кезеңде ЖІӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі 33,1 пайызды, құрылыс саласы 5,4 пайызды құраған.