Қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 31105,7 млн. АҚШ долларын құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы сәуірде 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,9 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігіндегі брифингте осы ведомствоның төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы сәуірде 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,9% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 4,3%, азық-түлік емес тауарларға - 3,8%, ақылы қызметтерге - 3,5%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2014 жылғы сәуірде 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,7%-ға жоғарылады», - деді агенттік басшысы.
Оның айтуынша, биылғы каңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 31105,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,7%-ға өсті, оның ішінде экспорт -22581,6 млн. АҚШ долларын (11%-ға өсті), импорт -8524,1 млн. АҚШ долларын құрады (11,7%-ға азайды).