Қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің өсімі 5,6 пайызды құрады - Статистика

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-наурыз жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 5838,3 млрд. теңгені құрды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2011 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 5,6  пайыз болды.

Атап айтқанда, агенттік мәліметтері бойынша, ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі - 39,9, қызмет көрсету - 55 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар