Қаңтар - наурызда елорданың байланыс кәсiпорындары халыққа 1,2 млрд. теңгеге қызмет көрсеттi
Астана. Сәуiрдiң 24-i. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Биылғы қаңтар – наурыз айларының аралығында елорда көлiктерi 11 787,0 мың тонна жүк тасымалдады.
Өткен жылғы сәйкес кезеңiмен салыстырғанда тасылған жүк көлемi 0,6 пайызға кемiген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Статистика департаментiне сiлтеме жасап.Осы уақыт ішінде қаладағы байланыс кәсiпорындары 2,9 млрд. теңгеге, оның iшiнде халыққа 1,2 млрд. теңгеге қызмет көрсеттi. Байланыс қызметi саласынан түскен табыстар құрылымында қалааралық, халықаралық байланыс түрлерiнің үлесі 35,0 пайыз, интернет ? 24,5 пайыз, радиобайланыс, радиохабарлар тарату, теледидар ? 6,2 пайыз, ал пошта қызметi 7,4 пайыз болды. Басқа да байланыс түрлерiнің үлесі ? 26,9%-ды құрады.