Қаңтар-наурызда ЖІӨ 104,6 пайызды құрады
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-наурыздағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 40,4 пайызды, қызметтер - 52,0 пайызды құраған. Бұдан бөлек, ЖІӨ құрылымында ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы, сондай-ақ балық аулау үлесі 1,8 пайызды, өнеркәсіп 35 пайызды, құрылыс саласы 3,6 пайызды құрайды. Ал өнімдер мен импортқа салынған салықтар 7,6 пайызға тең.