Қаңтар-наурыздағы жалпы ішкі өнім былтырмен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады - Статистика агенттігі
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қаңтар-наурыз айындағы жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады.
Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Сонымен қатар, ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 39,9 пайыз, қызметтер - 55,0 пайызды құрап отыр.
Атап айтқанда, ЖІӨ өнеркәсіптегі құрылымы 33,5 пайызды құраса, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,7 пайыз болып табылады. Ал құрылыс саласында бұл көрсеткіш 4,3 пайызға жетіп, былтырмен салыстырғанда 104,2 пайызды құраған.