Қаңтар оқиғалары әйел мен отбасы қауіпсіздігі мәселесіне нақты назар аудару қажеттігін көрсетті - Рамазанова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғалары әйел мен отбасы қауіпсіздігі мәселесіне нақты назар аудару қажеттігін көрсетті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұзақ жылдар бойы Қазақстан жанжалдар аймағында тұрған жоқ деп айтып келдік. Шындығында да еліміз бұл қарым-қатынаста қолайлы мемлекет болып келді. Бірақ, қаңтар оқиғалары әйел қауіпсіздігі, отбасы қауіпсіздігі мәселесіне нақты назар аударымыз қажеттігін көрсетіп берді», - деді Ләззат Рамазанова еліміздің Сыртқы істер министрлігінде өткен «Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырындағы дөңгелек үстел аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Оның атап өтуінше, бұл мәселелер БҰҰ қарарында бекітілген.
«Мұның барлығы, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесі БҰҰ-ның 13/25 қарарымен бекітілген. Дәл осы проблеманы бүгін дөңгелек үстел барысында талқыға салдық. Басты назар өткен жылы қабылданған аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің кешенді жоспарына аударылды. Бүгінде қауіпсіздік пішінін өзгертіп жіберген», деді Ләззат Рамазанова.