Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда полиция ғимаратынан қару ұрлағандар сотталды

қару ұрлау
Фото: freepik.com

Талдықорған қалалық сотында 6 күдіктіге қатысты қаруды ұрлау, заңсыз сатып алу, сақтау фактісі бойынша қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2022 жылы қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні екі ер адам Полиция департаментінің ғимаратынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлап, кейін олардың бірі өзінің екі танысын қару сатуға көндірген. Таныстары қару мен оның керек-жарақтарын сатып алатын екі адамды табады.


«Осы жылдың 18 қаңтарында екі сотталушы сатып алушымен кездесіп, оған 1 миллион теңгеге 2 автомат пен патрондары бар карабин сатып алуды ұсынған. Сол күні кешке полиция қызметкерлері оларды ұстады», - делінген қалалық сот мәліметінде.

Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкінетіндерін айтты. Сот 6 айыпталушының әрқайсысына 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге үкім шығарды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар