00:21, 29 Наурыз 2022 | GMT +5
Қаңтар оқиғасы: Алматы облысында жоғалған 345 қару әлі табылмады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында жоғалған 345 қару әлі табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қызметтік қарудың 345 данасы табылмай тұр. Кеше осыған орай жеке құрамды оның ішінде ұлттық ұланнан 150 қызметкер алып, сонымен қатар қалалық басқарманың мамандарымен бірлестіріп 370 адам Қапал, Ақсу, Қарабұлақ ауылдарын аралау кезінде 3 оққағар тапты»,- деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Сонымен қатар, полиция бастығы қаңтар бүлігінде ұрланған қаруды қайтарып бергендерге ешқандай жаза қолданылмайтынын, яғни әкеп берген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.