Қаңтар оқиғасы: Алматыда желілік полиция бөлімінің экс-бастығы сотталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Түрксіб ауданының сотында Алматы әуежайы желілік полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Талғат Тәліповқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғат Тәліпов қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Судья сотталушыны 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан, сондай-ақ 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұдан бөлек ол полиция подполковнигі атағынан айырылды.
Т.Тәліпов жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Тәліповтің әрекеттері салдарынан әуежай аумағында сауда нүктелері бар кәсіпкерлерге жалпы сомасы 414 млн теңгеден астам материалдық шығын келді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар