Қаңтар оқиғасы: Бейбіт тұрғындар мен полицейлерге ұйымдасқан түрде шабуыл жасалған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бейбіт азаматтар мен полиция қызметкерлеріне қарсы ұйымдасқан түрде шабуыл жасалған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты тергеу нәтижелерімен жұртшылықты таныстыруды жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеді. Тергеу кезінде 4,5 мың сараптама жасалды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі 131 іс тіркелді. Қылмыс жасау бойынша 931 адам күдікті деп танылды, 96 адам қамауға алынып, 471 адам сотталды», - деді Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, Бас прокуратура өкілі ұйымдасқан шабуылдың болғанын айтты.

«Тергеу барысында анықталғандай, бейбіт азаматтар мен полицейлерге қарсы ұйымдастырылған түрде шабуыл жасалған. Олар арматура, таяқ, тас басқа да құралдарды қолданған. Сонымен қатар ғимараттарды өртеу үшін автомобиль доңғалақтары мен бензин жеткізілген», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар