Қаңтар оқиғасы кезінде полиция қоршауын бұзып өткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

«Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 2022 жылдың 5 қаңтарында Төле би даңғылы мен Шәріпов және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, жанармай таситын көлікпен полиция қоршауын бұзып өткен жүргізуші мен оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.
Заңсыз әрекетті жасаған тұлғалар мен оқиға туралы мәліметі бар кез келген адамнан Ведомствоаралық жедел-тергеу тобына 8-707-845-54-44 және 8-701-110- 02-01 телефон нөмірлері арқылы хабарлауын сұраймыз. Сыйлықтың берілетініне кепілдік бар»,- делінеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша елімізде барлығы 152 адамның сотталғанын хабарлады.
Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлау және оны сақтаумен байланысты 17 адам бас бостандығынан айырылды.