Қаңтар оқиғасынан кейін Қарулы күштердің қолбасшылық құрамы неше пайыз жаңарды
«Қаңтар оқиғасынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде «командирлік қасиеттерін көрсеткен жоқ» деп, бұрынғы Қорғаныс министрінің «әрекетсіздігін» сынға алып, қызметінен босатқаны рас. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары оған қатысты қылмыстық іс жүргізуде. Қаңтар оқиғасымен байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында Қарулы Күштердің басқа да әскери қызметшілеріне қатысты бұлтартпау шарасын қолдану, сондай-ақ әскери қызметшілерді қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандығы бойынша күдікті деп тану туралы ақпарат жоқ», - деп жазылған жауапта.
Сондай-ақ, министрліктің жауабында Қарулы күштердің қолбасшылық құрамы қаңтар оқиғасымен байланысты тергеу жұмыстары аяқталғанша өзгермейтіні айтылған.
«Қарулы күштердің қолбасшылық құрамында лауазымдық жағдайын немесе әскери қызмет өткеру орнын өзгерту жөнінде шешімдер орын алған жоқ. Себебі құзыретті органдар жүргізіп жатқан қылмыстық істер бойынша тергеу жұмыстары қазіргі уақытта аяқталған жоқ», - делінген ресми жауапта.
Еске салсақ, ақпан айында бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Ал 30 мамырда Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі оны қамауда ұстау мерзімі екіайғаұзартылғанын мәлім етті.