Қаңтар оқиғасында қаза тапқан полиция және әскери қызметкерлердің отбасына баспана берілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алып, бақилық болған 4 полиция және әскери қызметкерлердің отбасыларына баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 және 1 бөлмелі баспаналардың кілттері Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет етуші арнайы жасағының инспекторы Барғанаев Дархан Ермекұлының, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері Ержанов Ербол Тлеубекұлының, Ескелді ауданындағы №21751 және Талдықорғандағы №05232 әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері Смайлканов Ғабдолла Ғалымұлы мен Нуркенов Адиль Дулатұлының жақындарына табысталды.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев марқұмдардың туған-туыстарына көңіл білдіре келе, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, барлық қажетті қолдаудың көрсетіліп жатқандығын хабарлады. Атап айтқанда, облысымызда қаза болған күштік құрылымдардың 8 қызметкеріне 5 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілді. Екінші деңгейлі Банктер олардың 12 млн теңге несиесін кешірді.


Соңғы жаңалықтар