Қаңтар-сәуір айларында республикада 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды - ІІМ

Бүгін Астанада «Мемлекеттік органдар мен үкіметтің емес секторлардың нашақорлықтың алдын алу және сауықтыру мәселесіндегі сабақтастығы және өзара әрекет етуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов атап көрсеткендей, республикада есірткілік заттарды тәркілеу көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. «Көбінесе олар марихуана секілді каннабис тобына жататын есірткілер», - дейді ол.
Мәселен, 2010 жылдың төрт айында ішкі істер органдары 3 мыңнан астам есірткі қылмысын анықтады (2009 жылы - 2781), оның ішінде 1 мыңнан астам факті есірткі саудасына қатысты болған. Көрсеткіш 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артып отыр.
Сондай-ақ осы кезең ішінде, есірткі контрабандасына қатысты 39 қылмыстың жолы кесілді. Заңсыз айналымнан барлығы 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді (2009 - 3 тонна 206 келі). Оның 35 келіге жуығы - героин мен апиын. Тәркіленген есірткілердің «қара нарықтағы» бағасы жобамен 270 млн. теңгені құрайды.
«2009-2011 жылдарға қабылданған мемлекеттік бағдарламаға (ред. - Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес) сәйкес, елдің оңтүстік шекараларын бекітуге және жалпы нашақорлық пен есірткі бизнесімен күреске 40 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Кеден одағының құрылуына байланысты қаржының қомақты үлесі оңтүстік шекараны бекітуге бағытталуда», - деді Ж.Сүлейменов.