Қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 12,4 пайызға жоғарылап, 1 928,8 млрд. теңгеге жетті

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,4 пайызға жоғарылап,

Қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 12,4 пайызға жоғарылап, 1 928,8 млрд. теңгеге жетті

1 928,8 млрд. теңгеге жетті. Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылғы шілдеде 2010 жылғы шілдемен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 14,7 пайызға жоғарылады.

2011 жылы қаңтар-шілдедегі сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2010 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1 021,6 млрд. теңгеге жетті немесе 7,1 пайызға артты.

2011 жылғы қаңтар-шілдедегі базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,1 пайызға жоғарылады. Аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 47 пайызды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлемінен 64 пайыз). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызға, азық-түлік тауарлар 14,5 пайызға ұлғайды.