Қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,8 пайызға өсті

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8943 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 4,8 пайызға артық,

Қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,8 пайызға өсті

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда 2,7, өңдеу өнеркәсібінде - 8,1, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 7 пайызға өндіріс өсімі байқалды. Өндіріс сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 3,3 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, 2011 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 568,5 млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға артты.