Қаңтар-шілдеде ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ағымдағы жылдың қаңтар-шілде аралығындағы еліміздің жалпы ішкі өнім өсімі 4 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қаңтар-шілдеде ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады

«Біздің есептік мәліметтерімізге сәйкес, қаңтар-маусымдағы ЖІӨ-ның шынайы мәндегі өсімі 3,9 пайызды құрады. Бұл есептік сан қазірдің өзінде біздің сайтымызда жария етілген. Ал 7 айдың қорытындысына келер болсақ, болжамды бағалауға сәйкес ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрайды. Яғни, 0,1 пайызға жоғары», - деді комитет төрағасы.