Қаңтар-тамыз айларында азық-түлік тауарларына баға өсімі 5,5 пайызды құрады

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қаңтар-тамыз айларында елімізде азық-түлік таурларына баға өсімі 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,5 пайызды құрады. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда екі есеге жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Үкіметтің отырысы барысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
None
None

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы азық-түлік емес тауарлар бағасы керісінше өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда екі есеге төмендеп, 3,4 пайызды құраған. Өткен жылы аталған көрсеткіш 6,2 пайыз деңгейінде болған еді. Ал ақылы қызметтердегі көрсеткіш өзгеріссіз - 4,7 пайыз деңгейінде қалған. Осылайша, министрдің сөзіне қарағанда, инфляциядағы азық-түлік емес тауарлар мен реттелетін қызметтер деңгейі Экономикалық кеңес мақұлдаған дәліз шеңберінде қалып отыр.

«Сонымен қатар, 2010 жылы инфляцияның болжанған дәлізіне ену үшін азық-түлік тауарларына бағаның өсімі 9,7 пайыздан артпауы шарт», - деді Ж. Айтжанов.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы тамыз айында 2009 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда азық-түлік тауарларына бағаның артуына жеміс-жидектер мен көкөністер бағасының 14,6 пайызға, ет пен ет өнімдерінің 9,3 пайызға, қанттың - 6,7 пайызға, сүт өнімдерінің 2,3 пайызға қымбаттауы әсер еткен.

«Өсімдік майына бағаның өсіп кетуіне негізгі себеп егіс жұмыстарыындағы қолайсыз климаттық жағдай мен негізгі егін өсіретін өңірлердегі жиын-терімнің төмендейтіні туралы болжамдар себеп болған», деді Ж. Айтжанова.

Соңғы жаңалықтар