Қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда көлемі 13,2 пайызға жоғарлап, 1840,8 млрд.теңгеге жетті - Статистика

Сондай-ақ ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылдың тамызында өткен жылдың тамызымен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 13,2 пайызға ал, 2010 жылдың өткен айымен салыстырғанда 3,6 пайызға жоғарылаған. 2010 жылы бөлшек сауданы тұрақты желілерде жүзеге асыратын сауда кәсіпорындарының қызметі біртіндеп тұрақтанып келеді. Сонымен, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі өткен жылғы қаңтар-тамыз айларына қарағанда 1017,0 млрд. теңгеге немесе 15,9 пайызға артық. Мұның өзінде, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі сауда кәсіпорындарының үлесі 1,2 пайыздық тармаққа жоғарылады (2009 жылғы қаңтар-тамызда 54 %-ға, 2010 жылғы қаңтар-тамызда 55,2 %-ға).
Халықтың мұқтаждығын әр түрлі тауарлармен қамтамасыз ету отандық өндіріс есебінен (көп жағдайда азық-түлік тауарлары бойынша), сонымен қатар, өзге елдердің импорты есебінен (азық-түлік емес тауарлары бойынша) жүзеге асырылады. Мәселен, ұн (99,9 % ресурстардың жалпы көлемінде), жұмыртқа (92,5 %), ет және ет өнімдері (85,7 %), макарон өнімдері (84,8 %), жарма (78,8 %), сүт өнімдері (74,5 %), қант (68,1 %), өсімдік майы (67,4 %), маргарин (57,7 %), сары май (62,3 %) ресурстары республикадағы өндіріс есебінен қалыптасса, ал мұздатқыштар (100 %), кілем және кілем бұйымдары (99,9 %), жүн маталары (98,3 %), жуу құралдары (96,7 %), киімдер (90 %), шұлық өнімдері (74,8 %), кір жуатын машиналар (72,8 %), аяқ киім (64,8 %), теледидарлар (56,6 %) ресурстары импорттық түсімдер есебінен толтырылады», делінген баспасөз хабарламасында.