Қаңтар-тамыз айларында еліміздің жүк айналымы 11 пайызға өсті - Статистика агенттігі

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қаңтар-тамыз айларында еліміздің жүк айналымы 11 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін елордада еліміздің ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында жүк айналымының көлемі 11 пайызға өсті. Ал жалпы көлік саласы бойынша өсім 6,9 пайызды құрады», деді агенттік төрағасы.

Ведомствоның деректеріне сәйкес, коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалау есебіне сәйкес 8 айдағы жүк айналымының көлемі шақырымына 235,1 миллиард теңгені құраған.

Сондай-ақ Ә.Смайыловтың атап өтуінше, бөлшек саудада 13,2 көтерме саудада 13,6 пайыз өсім бар. Ал байланыс саласында өсім индексі 105 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар