Қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3010,4 млрд. теңгені құрады - статистика

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтар-тамызда 2011 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 103,5% құрды.

Қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3010,4 млрд. теңгені құрады - статистика

 Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«2012 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3010,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,1 пайызға артық»,-деп атап өтті агенттік басшысы.

Бұдан бөлек, биылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 10687,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2011 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,7 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейінде қалды.

2012 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 794,4 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,3 пайызға кем.