Қаңтар трагедиясын ақпараттық айла-шарғы құралы ретінде пайдалану жалғасады – Абзал Құспан

Қаңтар трагедиясын ақпараттық айла-шарғы  құралы ретінде пайдалану жалғасады – Абзал Құспан
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін  құрылған «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND ғылыми-талдау орталығында 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды талдауға арналған баяндамасын таныстырып, негізгі тезистеріне тоқталды, деп Kazinform. 

Талқылауға қаңтар оқиғаларын бағалауға маманданған және өз жұмысында осы тақырыпты көтеріп жүрген сарапшылар мен журналистер қатысты.

Баяндамада 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар заңды билікті қарулы күшпен құлатуға бағытталған ел тарихында алғашқы ұйымдасқан әрекет болғаны айтылады.

«Жаппай тәртіпсіздіктердің батыстан оңтүстікке қарай тұрақсыздандыратын қозғалысы ресурстық аймақтарды, көлік байланыстарын қамтыды. Аймақтардағы билікті басып алу жөніндегі үйлестірілген іс-шаралар елдің батысынан шығысына қарай тұрақсыздық шеңберін орнатып, орталық аймақтар мен Астананы қоршап, оларды оқшаулау үшін құрылды», - дейді Абзал Құспан.

Баяндама авторы Қаңтар трагедиясын қазіргі биліктің реформаларына кедергі келтіру үшін пайдалану тәжірибесі бар екенін айтады.

«2022 жылғы 3-6 қаңтарда Қазақстанда болған оқиғалар ел ішінде және одан тыс жерлерде ақпараттық айла-шарғы жасау құралына айналды. Белгілі бір ықпал ету топтары әлі күнге дейін қазіргі биліктің беделін түсіру және реформаларды құнсыздандыру мақсатында ақпараттық шабуылдар үшін Қаңтар трагедиясын қолдануда және болашақта да қолдануын жалғастырады», - дейді «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар