Қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 12,9 пайызға жоғарылады
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,9 пайызға жоғарылап 4 319,9 млрд.теңгеге жетті,
деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2 178,6 млрд.теңгені құрады немесе 10,7 пайызға артық.
2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,2 пайызға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 49,6 пайызды құрады.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5, азық-түлік тауарлар - 15,3 пайызға ұлғайды.