Қаңтарда 76,3 мың адам жұмыспен қамтылды - Статистика

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылдың қаңтарында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 76,7 мың адам қабылданып, түрлі себептермен 76,3 мың адам жұмыстан кетті,

Қаңтарда 76,3 мың адам жұмыспен қамтылды - Статистика

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 77,7, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 3,3, басқа себептер бойынша 19 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылғы қаңтарда қабылдау және босату бойынша айналым коэффициенттері 2,4, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,9 пайыз болды. Ал осы кезеңдегі жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 100,5 пайызға тең.