Қаңтарда бір қызметкердің орташа жалақысы 100 мың теңгеге жуықтады

Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы қаңтарға 107,6%, ал нақты жалақы индексі 100,9% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің деректерінде хабарланды.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте бегіленді - 197,8 мың теңгеге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), қаржы және сақтандыру қызметінде - 178,4 мың теңге, сондай-ақ кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 178,2 мың теңге (1,8 есе) көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде тіркелді - 47,4 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 52,2%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді - 174,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге артық. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 69,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 30,0%-ға төмен.