Қаңтарда бөлшек сауда көлемі 11,1 пайызға жоғарылап, 265,3 млрд. теңгеге жетті - Статистика
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Қаңтарда бөлшек сауда көлемі 11,1 пайызға жоғарылап, 265,3 млрд. теңгеге жетті.
Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, 2011 жылғы қаңтарда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 11,1 пайызға жоғарылап 265,3 млрд. теңгеге жетті. Дегенмен 2010 жылдың өткен аймен салыстырғанда 24,9 пайызға төмендеді. 2011 жылы қаңтарда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 149,4 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылғы қаңтарға қарағанда 8,9 пайызға артты.
«Сауданың базарлармен және жеке кәсіпкерлермен тартымдылығы халықтың сатып алушылық белсенділігінің әлі де маңызды болып қалуында. 2011 жылғы қаңтарда осы арнада өткізу көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,1 пайызға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 43,7 пайызды құрады», - делінген агенттік ақпаратында.
Халықтың мұқтаждығын әр түрлі тауарлармен қамтамасыз ету отандық өндіріс есебінен (көп жағдайда азық-түлік тауарлары бойынша), сонымен қатар, өзге елдердің импорты есебінен (азық-түлік емес тауарлары бойынша) жүзеге асырылады. Мәселен, ұн (99,9% ресурстардың жалпы көлемінде), жұмыртқа (93,8%), ет және ет өнімдері (86,3%), макарон өнімдері (83,8%), жарма (80,7%), сүт өнімдері (75,3%), қант (76,4%), өсімдік майы (68,4%), маргарин (60,4%), сары май (60,3%) ресурстары олардың республикадағы өндірісі есебінен қалыптасса, ал мұздатқыштар (100%), кілем және кілем бұйымдары (99,9%), жүн маталары (99%), жуу құралдары (96,6%), киімдер (92,3%), шұлық өнімдері (82,9%), кір жуатын машиналар (77,1%), аяқ-киім (79,9%), теледидарлар (59%) ресурстары импорттық түсімдер есебінен толтырылады.