Қаңтарда бөлшек сауда көлемі 361 млрд. теңгеге жетті - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 11,2%-ға жоғарылап, 361 млрд.теңгеге жетті.
None
None

Ал 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 30,1%-ға төмендеді.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылғы қаңтарда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтарға қарағанда 207,8 млрд.теңгені құрады немесе 13%-ға артық.

Биылғы қаңтарда базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 8,9%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 42,4%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 62,9%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда -9,6%-ға, азық-түлік тауарлар 13,7%-ға ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар