Қаңтарда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi - ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтарда инфляция 0,3% құрады.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, көтерме саудадағы баға бір ай ішінде 0,1 пайызға, ауыл шаруашылығында - 0,2 пайызға, құрылыста 0,3 пайызға өсті. Ал өнеркәсіпте 1 пайызға төмендеді.
Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтерге тарифтер 0,1 пайызға жоғарылады, сондай-ақ заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне 0,2 пайызға төмендеді.