16:58, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Қаңтарда ел кәсіпорындарында 76,7 мың адам жұмысқа қабылданса, 76,3 мыңы жұмыстан босаған
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Алдын ала жедел мәліметтерге сәйкес, 2013 жылдың қаңтар айында еліміздің ірі және орта кәсіпорындарына 76,7 мың адам жұмысқа қабылданып, әртүрлі себептермен 76,3 мың адам жұмыстан босаған.

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жұмыстан шығып қалған еңбеккерлердің арасында өз ықтиярымен босағандар 77,7 пайызды, персонал санының қысқаруына байланысты босатылғандар - 3,3 пайызды, басқа себептермен жұмыстан кеткендер 19 пайызды құраған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айында жұмысқа қабылдану мен босау айналымының коэффициенті 2,4% пайызды, жұмыс күшінің тұрақтылық коэффициенті 1,9 пайызды құрады.