Қаңтарда ел кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі төмендеді - Статистика
«Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары дайын өнiмге сұраныстың кемуін және өнеркәсіп көлемінің азаюын атап өттi. Бұл олардың іскерлік белсенділігінің кемуін айғақтайды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Іскерлік белсенділік өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа кеміп, +11 пайызды құрады.
Жақын арада, 2011 жылғы сәуірге дейiн, өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, iскерлiк белсендiлiкке байланысты елеулі өзгерістер күтілмейді.
2011 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың кемуі сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, олардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне себеп болды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 4 пайыздық тармаққа кеміп, +7 пайызды құрады.
2011 жылғы сәуірге дейiн, сауда кәсіпорындары басшыларының болжамды бағалауы бойынша, iскерлiк белсендiлiкке байланысты елеулі өзгерістер күтілмейді.