Қаңтарда еліміздегі тұрғын үйді сатып алу-сату көрсеткіші 21,8 пайызға азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың қаңтар айында елімізде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 11 599 құрады. Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, аталмыш көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 21,8 пайызға азайды.
Жалпы, 2014 жылғы қаңтарда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2013 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,1 пайызға азайған.
Агенттік ақпаратына сүйенсек, тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 1557-ісі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Бұдан кейінгі орында Алматы қаласы (1359 мәміле), Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары (1145-тен) тұр. Сондай-ақ өткен айда Астана қаласы бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 707-і құраған.