Қаңтарда инфляция 0,9 пайызды құрады - Статитистика

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қаңтар айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,9 пайызды құрады.

  Қаңтарда инфляция 0,9 пайызды құрады - Статитистика

Статистика агенттігінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік тауарлар бағасы 0,5 пайызға, азық-түлік емес тауарларға - 0,2 пайызға, ақылы қызметтерге - 2,2 пайызға өсті.

Бұдан бөлек, баға өсімі картопқа 3,1 пайызды, жаңа жиналған жемістер және көкөністерге - 3 пайызды, жаңа сауылған сүтке - 1,2 пайызды, қаймаққа - 0,9 пайызды, макарон өнімдеріне, сүзбеге - 0,8 пайыздан өсуі белгіленген. Ал ұнға баға - 0,5 пайызға, күнбағыс майына, шайға - 0,4 пайызға, жұмыртқаға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 0,3 пайызға артқан. Сонымен бір мезгілде, бағаның төмендеуі қарақұмық жармаға 1,2 пайыз, қантқа - 0,2 пайызға тіркелді.

Бұдан басқа, агенттік мәліметтері бойынша бағалар темекі өнімдеріне 0,8, тұрмыстық заттарға - 0,6, кітаптар, газеттер және журналдарға - 0,5, дәрі-дәрмектерге, қатты отынға - 0,4, киім және аяқ киімге - 0,2 пайызға өскен. Бағаның жоғарылау деңгейі көлік қызметтеріне 3,2 пайызды, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметтеріне - 1,3 пайызды, денсаулық сақтау, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне - 1,1 пайызды құраған. Құқықтық қызметтер 7,2 пайызға, жеке көлiк құралдарын сақтандыру - 7 пайызғаға қымбаттаған.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер суық суға 11,7 пайызға, электр энергия - 5 пайызға, орталықтан жылыту - 2,5 пайызға, ыстық суға және кәрізге - 2,3 пайызға, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға және қоқыс жинауға - 0,8 пайызға, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,6 пайызға өсті.