Қаңтарда Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 492,8 млрд. теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы қаңтар айында еліміздегі бөлшек сауда көлемі 492,8 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 92,7 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.
None
None

Мәліметтерге қарағанда, 2016 жылғы қаңтарда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 270,5 млрд. теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеген. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым болып, бұл бөлшек сауданың жалпы көлеміне 67 пайызға тең болған. Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 7,8 пайызға, азық-түлік тауарлар - 5,5 пайызға төмендеген.

«2016 жылғы 1 ақпанға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 345,2 млрд. теңгені құрады, саудадағы күндері - 77 күн. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес 2016 жылы қаңтарда Алматы қаласы (31,2 пайыз), Астана қаласы (11,1 пайыз) және Қарағанды қаласына (9,1 пайыз) тиесілі болды», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар