Қаңтарда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың  қаңтар айында қатысатын жарыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтарда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр

«Қаңтар айында қазақстандық спортшыларды бірнеше ірі халықаралық жарыстар күтіп тұр. Жаңа жылмен бірге #TEAMKZ мүшелері жаңа лицензиялық турнирлерді де бастайды», - делінген хабарламада.

Қаңтар айында қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстар кестесі төмендегідей:

Елішілік жарыстар: 

Волейболдан Қазақстанның ішкі қысқы чемпионаты – 4-11 қаңтар, Алматы, Орал, Нұр-Сұлтан;

Жүзуден жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 7-11 қаңтар, Қостанай; 

Үстел теннисінен іріктеу турнирі – 12-18 қаңтар, Қарағанды;

Жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионаты – 17-18 қаңтар, Өскемен; 

Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты – 21-31 қаңтар, Алматы;

Ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 22-29 қаңтар, Қостанай; 

Академиялық есуден Қазақстан чемпионаты – 24-27 қаңтар, Теміртау; 

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнир, 25 қаңтар, Өскемен; 

Бадминтоннан 16 үздік спортшы арасындағы Қазақстан чемпионаты – 26-30 қаңтар, Алматы; 

Көркем гимнастикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты – 24 қаңтар – 1 ақпан, Шымкент; 

Халықаралық турнирлер:

Волейболдан Азия аймақтық іріктеу турнирі (әйелдер) – 7-12 қаңтар, Накхонратчасима (Таиланд);

Волейболдан Азия аймақтық іріктеу турнирі (ерлер) – 7-12 қаңтар, Цзянмынь (Қытай);

Тас жолдағы велоспорттан халықаралық турнир (ерлер) – 7-27 қаңтар, Испания; 

Семсерлесуден Гран-при турнирі (сабля) – 8-13 қаңтар, Монреаль (Канада);

Семсерлесуден әлем кубогы кезеңі (шпага, әйелдер) – 9-13 қаңтар, Гавана (Куба);

Семсерлесуден әлем кубогы кезеңі (шпага, ерлер) – 9-13 қаңтар, Хайденхайм (Германия);

Нысана көздеу және стенд атудан халықаралық турнир – 10-18 қаңтар, Әл-Кувейт (Кувейт);

Каратеден А сериясы – 12-14 қаңтар, Сантьяго (Чили);

Грек-рим күресінен Гран-при турнирі – 15-20 қаңтар, Ницца (Франция); 

Еркін және әйелдер күресінен халықаралық турнир – 16-19 қаңтар, Рим (Италия); 

Бокстан халықаралық турнир (әйелдер) – 20-27 қаңтар, София (Болгария);

Тректегі велоспорттан әлем кубогы кезеңі – 21-27 қаңтар, Канада; 

Әйелдер күресінен халықаралық турнир  - 22-27 қаңтар, Красноярск (Ресей); 

Дзюдодан Гранд-слэм турнирі – 23-25 қаңтар, Тель Авив (Израиль); 

Семсерлесуден Гран-при турнирі  - 23-27 қаңтар, Доха (Катар); 

Каратеден Премьер-лига турнирі -  24-26 қаңтар, Париж; 

Велоспорттан халықаралық турнир – 25 қаңтар – 12 ақпан, Испания; 

Үстел теннисінен халықаралық турнир – 27 қаңтар – 2 ақпан, Германия.