Қаңтарда қазақстандықтардың қолында 1,8 трлн теңге айналымда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар айында қолма-қол ақша айналымы 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,6 процентке азайып, 1,817 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Қаңтарда қазақстандықтардың қолында 1,8 трлн теңге айналымда болды

Қолма-қол ақша мен ликвидті теңге депозиттерін қамтитын М1 ақша агрегаты өткен айда 0,6 процентке дейін артып, 4,995 трлн теңгеге жеткен.

Қолма-қол ақшаларды, теңге және ликвидті валюта депозиттерінің барлығын қамтитын М2 индикаторы 1,3%, яғни 13,338 трлн теңгеге дейін азайған.

Ақша массасы немесе экономикадағы бүкіл ақша мөлшері 2,7%, 18,939 трлн теңгеге дейін азайды.

Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшаларының мөлшері қаңтарда 6%, яғни 5,208 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Екінші деңгейлі банктер мен басқа ұйымдардың ҚР Ұлттық банкіндегі депозиттерінің көлемі 5,4%, яғни 3,103 трлн теңгеге дейін қысқарды.