Қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 479 теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат -2014 жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 479 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Атап айтқанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы қаңтарда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,4 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17, жемістер мен көкөністер - 9,8, нан және жарма өнімдері - 7,8, ал қант, шай және дәмдеуіштерге 2 пайызды құрады.