Қаңтарда күннің суытатынына байланысты ИЖТМ-де төтенше жағдайға дайындық мәселелері талқыланды

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы энергетикалық нысандар 2014 жылдың қысқы маусымына дайын. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің селекторлық отырысында мәлім болды.
None
None

Отырысқа Мұнай және газ, Төтенше жағдайлар, Көлік және коммуникация министрліктерінің, «KEGOC», «Қазақстан темір жолы» және «Самұрық Энерго» АҚ өкілдері қатысты. Аталмыш жиында елдегі энергетикалық кәсіпорындардың 2013-2014 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы тағы бір пысықталған болатын.
«Жалпы, Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. «Қазіргі уақытта ең көп энергетикалық ауыртпалықтың деңгейі жоспарланған энергетикалық ауыртпалықтың 90 пайызына тең болып отыр. Бұл барлық энергожүйенің жоғары кернеулік режімге ауысқандығын білдіреді», - делінеді мәліметте.
Сондай-ақ өңірлердің төтенше жағдайға дайындық мәселелері қаралды. Ауа райы болжамы мәліметтері бойынша, 2014 жылғы қаңтар айының ортасында және үшінші онкүндігінде күн 40°С -ге дейін суытады.
Құзырлы органдардың отырысы барысында Семей қаласындағы «Жылукоммунэнерго» МКК-нің ЖЭС-1 стансасында көмір қорының жеткіліксіз екендігі аталып өтті. Оның мөлшері ереже бойынша 20 тәулікке қалуы тиіс, ал Семей қазандығында көмірдің жалпы қорынан қалатын қалдық 17 тәулікті құрайды. Кентау қаласындағы көмір қоры тіпті 13 тәулікке ғана артық.
Сонымен қатар ауа райының қатты төмендеуі кезінде Өскемен, Қарағанды, Семей, Астана, Көкшетау, Тараз, Қызылорда, Кентау, Шымкент қалаларының жылу жүйелеріндегі температуралық режім тиісті деңгейде сақталмайтындығы анықталып отыр.
«Қазақстандағы энергонысандарда 5,5 млн. тонна көмір, 192 мың тонна мазут жинақталған. Бұл Үкімет бекіткен мөлшерге сай болып табылады», - деп атап отыр комитет.
2014 жылдың жөндеу маусымында 9 энергоблок, 65 қазандық және 45 турбина күрделі түрде жаңартылатын болады.

Соңғы жаңалықтар