Қаңтарда облигациялық заемдарды тарту арқылы 1 миллион тонна астық сатып алынады - С.Құламбаев

АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ -  Астық сатып алу барысында ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бірінші кезекте басымдық беріледі. Бұл жайында жұма күні «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-да өткен селекторлық кеңесте аталған мекеменің басқарма төрағасының орынбасары Серік Құламбаев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, бұл астықтың соңғы сатып алынуы емес, қаңтар айында облигациялық заемдарды тарту арқылы тағы да 1 миллион тонна астық алынатын болады.

«Астық қабылданатын бекеттерде шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдері толығымен қабылданып болды. Элеваторларға жинаған астықтарын жеткізуге шешім қабылдамаған кәсіпорындардың астықтары ғана қалды. Тек біздің корпорацияның сатып алу көлемін ұлғайтып, астықты сатып алатындығына сенбегендер қалып отыр», деді өз сөзінде басқарма төрағасының орынбасары.

С.Құламбаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта барлық шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтініші қанағаттандырылған. Сонымен қатар алдағы уақытта  олардың астықтары элеваторға түскен жағдайда бірінші кезекте қабылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар