Қаңтарда шығынға ұшыраған Алматы облысының кәсіпкерлеріне 100 миллион теңге өтелді

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге 100 миллион теңге өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлер 100 млн теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыра алмай жүрген. Осының аясында олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияға жүгініп, нәтижесінде өтінімдері қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуымен мүдделі тараппен кездесу ұйымдастырылған.

«Шағын және орта бизнестің кәсіпкерлері Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына әкімшілік кедергілер бойынша шағым түсірді. Кесдесу нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге қаңтардағы шығын толықтай өтелді. Кәсіпкерлердің заңды құқықтары қорғалды»,- делінген Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар
Референдум